Біздің «Акзия А» балабақшамыз 2006 жылдың сәуір айының 1-ші жұлдызында екі топпен ашылған. Бүгінгі таңда балабақшамыз кеңейіп, қосымша ғимараттар салынып, 6 топта 145 баланы тәрбиелеудеміз.
«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы – 5-6 жастағы балалардан құралған топ;
«Құлпынай» мектепалды даярлық тобы – 5-6 жастағы балардан құралған топ;
«Кәусар» ересектер тобы – 4-5 жастағы балалардан құралған топ;
«Ботақан» ортаңғы тобы – 3-4 жастағы балалардан құралған топ;
«Күншуақ» кіші тобы – 2-3 жастағы топ;
«Балапан» кіші тобы – 2-3 жастағы бүлдіршіндер тәрбиеленеді.
Балабақшамыздың ұжымында 9 педагог бар. Оның ішінде 1 педгог-сарапшы, 2 І-санатты педагог, 2 педагог-модератор бар.